Адами капитал

Н.Назарбаев: Менің болашаққа аманатым – бірлік пен халық біртұтастығын сақтау (ФОТО)

Менің болашаққа аманатым – бірлік пен халық біртұтастығын сақтау, деді Елбасы «Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!" жеңімпаздар форумында.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 12:57

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Парламенттегі өздерінің депутаттарына дауыс берді. Бұл бірегей орган, тек біздің елде ғана бар институт, Ол 100 этникалық топ  атынан  құзыретін жүргізіп отыр, 962 этникалық орталықты құрып отыр. Барлық облыстық Достық үйлері де ҚХА құзыретінде», -  деді Елбасы.

«Осыған орай айтатыным, Ассамблея құрылғанына 20 жыл – тыныштыққа 20 жыл, 20 жыл достық пен тұрақтылық жылы. Менің болашаққа аманатым – бірлік пен халық біртұтастығын сақтау. Біз сол кезде мықты боламыз, біздің халықтың бірлігін, біртұтастығын мұра етуіміз қажет. Толағай табыстар мен жетістіктерге жетіп, бар әлем бізді мойындау үшін бірлігімізден айырылмауымыз қажет», - деді Президент. 





Яндекс.Метрика