Басқару

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдағандары үшін қазақстандықтарға алғысын білдірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық! Жеңімпаздар форумында «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдағандары үшін қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 12:48

«Біздің саясатты қолдағандары үшін барлық қазақстандықтарға рақмет. Олар біздің бір екенімізді көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстанымыздың гүлденуі үшін біздің кез-келген қиындықты жеңе алатынымызды көрсетті»,-деп құттықтады Н.Назарбаев.

«Мен Қазақстанның, шетелдің, еуропаның, американың бұқаралық ақпарат құралдарына, сайлаудың барысын сағат сайын көрсету арқылы сайлаудың қалай өтіп жатқанын барлық адамзатқа жеткізге БАҚ журналистеріне, әсіресе Ресейлік БАҚ өкілдеріне алғыс айтамын. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің 25 жылдығындағы ұлы демократиялық жетістігімі. Барлықтарыңызды құттықтаймын!»,-деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы 82,15 % дауыс жинаған болатын. Жалпы республика бойынша сайлаушылардың 77,1%-ы дауыс беріп, парламенттік сайлаудағы рекордтық көрсеткішке жеткен.




Яндекс.Метрика