Басқару

Н.Назарбаев: Қазақстандықтардың 77 пайызының сайлауға қатысуы – тарихымыздағы айтулы оқиға (ВИДЕО)

Қазақстандықтардың 77 пайызының сайлауға қатысуы – тарихымыздағы айтулы оқиға, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада "Сарыарқа" велотрегінде "Нұр отан" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне арналған "Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!" жеңімпаздар форумында.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 12:35

"Құрметті отандарстар, форумға жиналған барша қауым, бәріңізді кешегі өткен сайлаудағы жеңісімізбен шын жүрегімнен құттықтаймын! "Нұр отан" партиясының жеңісі - біздің халқымыздың жеңісі. Мұндай бірауыздықты мынау аласапыран заманда ешбір ел, халық көрсетіп отырған жоқ. Біздің қазақстандықтардың ерекшелігі дәл осында. Бүкіл дүниенің алдында 25 жылдың мерейтойымыздың қарсаңында 60 мемлекеттің, өзіміздің бақылушылар, 200-ден астам БАҚ өкілдері, дүниежүзінің ақпарат құралдарының орталықтары біздің сайлауымызды демократияның шыңында деп айтты. Бұл біздің жетістігіміз. Қазақстан бұдан былай өзінің шынайы демократиялы ел екенін, осындай ашық, заңды түрде сайлау өткізетінін және көппартиялық болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді. Мінеки, біздің жетістігіміздің ең үлкені осы", - деді Президент форумда.

Сонымен, бұл жолы да Парламент Мәжілісіне үш саяси партия өтіп отыр. 7 балдық шекті "Нұр Отан","Ақ жол" және "Қазақстан коммунистік xалықтық партиясы" бағындырды.

 

 





Яндекс.Метрика