Халықаралық интеграция

Қазақстандағы Канаданың бұрынғы елшісі ОСК жұмысын жоғары бағалады

Қазақстандағы Канаданың бұрынғы елшісі ОСК жұмысын жоғары бағалады.Бұл жөнінде күні кеше өткен елдегі сайлауға Канададан бақылаушы ретінде қатысқан Қазақстандағы Канаданың бұрынғы елшісі, Халықаралық басқару инновациялары орталығының бас ғылыми қызметкері Маргарет Скок мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 12:26

«Күні кеше мен 12 сайлау учаскесінде бола алдым. Мені адамдардың үлкен мақтанышпен өз таңдауларын жасап, дауыс бергені таңғалдырды. Сонымен қатар, олардың сайлауға сәнді киініп келгеніне таңырқап, олардан мұның себебі Наурыз мерекесі ме, әлде сайлау ма деп сұрағанымда, олар екі себепті де атап өтті. Сондай-ақ, жасы үлкен азаматтардың бюллетенді белгілеп, оны жәшіктерге тастауына балалардың көмектескені де жүрекке жылу ұялатты. Тіпті, қарт кісілер де дауыс беріп, ел болашағына үлес қосуға ниетті екенін байқадық. Таңертең де, күндіз де, тіпті кешке де дауыс берушілер сайлау учаскелеріне келіп жатты. Жалпы, сайлау процесінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына тәнті болдым. Сайлау комиссиясы өз міндетін жақсы біледі және оны тиісті деңгейде атқарып шықты. Мен Қазақстанды сайлаудың сәтті өтуімен құттықтаймын», – деді халықаралық бақылаушы сөз соңында.





Яндекс.Метрика