Халықаралық интеграция

Қазақстандағы сайлау тиімді әрі өте жақсы ұйымдастырылған – америкалық экс-конгрессмен

Қазақстандағы Парламенттік сайлау тиімді әрі өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл туралы халықаралық бақылаушы, АҚШ-тың Вашингтон штатынан келген экс-конгрессмен Дональд Бонкер Астанадағы брифинг барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 12:13

«Мен Қазақстан сайлауына халықаралық бақылаушы ретінде келгеніме және сіздердің елдеріңіздегі сайлауды өз көзіммен көргеніме қуаныштымын. Біз қазақстандықтардың демократияны жақтаушылар екенін көрдік. Сайлаудың тиімді әрі өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Азаматтардың өз құқықтарын пайдаланып дауыс берудегі белсенділіктерін көргенде жақсы сезімде болатыныңды жасыра алмайсың»,-деді Д.Бокер.

«Конгресстегі адам құқығы комитетінің бұрынғы төрағасы ретінде Қазақстан сайлау өткізуге қатысты берік негіз қалап жатқанын атап өткім келеді. Адамдар өз құқықтарын пайдаланып жатыр. Бұл өте маңызды. Демократиялық қағидалар мен нарықтық экономикалық реформа қатынасы тұрғысынан дұрыс бағытқа қарай жылжып бара жатқаны маңызды»,-деп қорытты сөзін халықаралық бақылаушы.

Еске сала кетейік, кеше, 20 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депуттарын сайлау өтті. 





Яндекс.Метрика