Парламент

Қазақстанда сайлауға келушілер көрсеткіші АҚШ пен Батыс Еуропаға қарағанда әлдеқайда жоғары

Қазақстанда сайлауға келушілер көрсеткіші АҚШ пен Батыс Еуропаға қарағанда әлдеқайда жоғары.Бұл жөнінде күні кеше өткен елдегі сайлауға АҚШ-тан бақылаушы ретінде қатысқан Халықаралық салық және инвестициялық орталық президенті Даниель Алан Витт мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 12:09

«Мен өзімді сайлаудың ардагерімін деп атай аламын. Себебі, бұл менің сайлауға алтыншы рет бақылаушы ретінде қатысуым. Біздің командамызда үш адам бар. Біз сайлау мәселесінде техникалық сарапшылар емеспіз. Біз Орталық Азияда 75 жыл бойы бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан сарапшылармыз және 90-жылдардан бері біз тек Қазақстанда ғана емес, басқа да Азия елдерінде болдық. Қазақстанда өткен сайлаулардың барлығы әлдеқайда берік әрі тұрақты демократиялық институттарды қалыптастыру жолындағы кезеңдер деп санаймын. Әрбір соңғы сайлау алдыңғысына қарағанда жақсы деңгейде өтіп жатты», – деген ол Қазақстан халқы мен Орталық сайлау комиссиясын кешегі өткен сайлаумен құттықтады.

«Бұл демкоратияны нығайтуға жасалған тағы бір нақты қадам. Кеше сайлаушылармен әңгімелескен кезде, біз олардан дауыс беруге ерте келгендерінің себебін сұраған едік. Сонда олар бұл әрекеттерін – тұрақтылық, көркею және бірлік деп түсіндірді. Яғни, олар жарқын болашаққа қол жеткізгісі келеді. Сондықтан, өз дауыстарын беруге келген. Ел Президенті мен Үкімет халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін бар мүмкіндікті жасағанын бүгін көріп отырмыз. Оған елдегі статистика, жан басына шаққандағы ЖІӨ, ел экономикасы дәлел бола алады. Сонымен қатар, елдегі экономикалық реформалардың жұмысы, бәсекеге қабілетті ел болу аясындағы шаралар тоқтап қалған жоқ, жалғасып жатыр. Бұл тұрақты процесс. Қазақстандағы болсын, Қытай мен АҚШ-тағы азаматтар болсын, мәселе экономикалық климатқа қатысты болса, аздап мазасызданатыны белгілі. Себебі, алда үлкен сын-қатерлер тұр. Алайда, қазақстандықтар бізге қарағанда әлдеқайда мықты халық деп санаймын. Себебі, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қандай еді, қазір қандай? Әрине, қазір мұнай бағасы төмендеп, жағдай қиындаған уақыт. Алайда, Президент Н.Назарбаев ЕАЭҚ-дағы әріптестеріне айтқандай, «бұл өңірдің дамуы үшін тамаша мүмкіндік», – дейді шетелдік бақылаушы.

 





Яндекс.Метрика