Басқару

ОСК: “Нұр Отан” партиясы 82,15 % дауысқа ие болды

2016 жылғы 21 наурызда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындыларын жариялады.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 11:51

«Нұр Отан» партиясына – 82,15 %

Қазақстан Коммунистік Халық партиясына – 7,14 %

Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясына – 7,18 %

«Бірлік» Саяси Партиясына – 0,29 %

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға – 1,18 %

«Ауыл» Халықтық-демократиялық партиоттық партиясына – 2 %

«Осылайша, «Нұр Отан» партиясы алда. Одан кейін Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы мен Қазақстан Коммунистік Халық партиясы. Бұл партиялар заңда белгіленген 7 % -дық кедергіден өтеді, бұл оларға Парламент Мәжілісінде болуына мүмкіндік береді» - деді Ортсайлауком Басшысы Қ. Тұрғанқұлов болған брифинг барысында.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың соңғы қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде 2016 жылғы 26 наурыздан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика