Халықаралық интеграция

АҚШ бақылаушысы: Қазақстанда сайлау комиссияларының кәсібилігі артуда

АҚШ бақылаушысы: Қазақстанда сайлау комиссияларының кәсібилігі артуда. Бұл жөнінде күні кеше өткен елдегі сайлауға АҚШ-тан бақылаушы ретінде қатысқан The Jamestown Foundation компаниясының бас ғылыми қызметкері Владимир Сокор мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 12:06

«Біз кеше отыздан астам учаскеде болып, дауыс беру процесін бақыладық және сайлау комиссияларымен, бақылаушылармен, сайлаушылармен әңгімелестік. Кеше өткен сайлауды өте сәтті деп бағалай аламыз. Бұл демократиялық сайлау процесін нығайта түсетін институттарды құрудағы тиімді қадам. Сайлаушылар «Нұр Отан» партиясына басымдылық бергенін де байқадық. Қазақстандықтар, шамамен 80%-ға жуығы, осы партияға өз дауыстарын берген. Олар партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенім артады. Н.Назарбаев Қазақстанға жаһандық және өңірлік дағдарысты жеңуге көмектесе алатын көшбасшы. Мен 2012 жылдан бері бақылаушы ретінде қызмет атқарып келемін және уақыт өте келе сайлау процесі үшін жауапты сайлау комиссиясының жұмысы жаңғыра түскенін байқап келемін», – деді бақылаушы.

Сонымен қатар, ол сайлауалды үгіт-насихат науқанында өткен партиялардың телевизиялық пікірталасын және онда ел болашағы сынды мәселелердің қызу талқыланғанын жоғары бағалап, бұл үлгі болатын әрекет екенін айтты.





Яндекс.Метрика