Парламент

Б.Рақышева: exit-poll-дың мәліметінше Парламент сайлауында 145 мың сайлаушы қамтылған

Үш ұлттық exit-poll-дың қорытындысы бойынша 1085 сайлау учаскесінде 145 мың сайлаушы қамтылған, деп хабарлады «Қоғамдық пікір» институтының директоры Ботагөз Рақышева ОКҚ өткен «Қазақстандағы Парламент сайлауы – 2016: қорытынды және баға» атты дөңгелек үстел отырысында.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 11:42

«Егер,үш ұлттық  exit-poll мәліметін талдасақ, біз мынадай цифрларға көз жеткіземіз: 1085 сайлау учаскесінде 145 мың адам қамтылған. Бұл Қазақстандағы ең үлкен ұлттық exit-poll. Енді Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы шыққанын күтіп, екеуінің нәтижесін салыстыру керек. Менің ойымша екеуінің айырмашылығы шамамен 1-2% болуы мүмкін»,-деді Б.Рақышева.

Оның айтуынша, exit-poll-дың тапсырыс берушілері дәстүрге сәйкес БАҚ мен ақпарат порталдары. Бірінші exit-poll-ды «Демократия институты» ұлттық ғылыми-зерттеу ассоциациясы жүргізді. Оның тапсырыс берушісі КТК телеарнасы болды. Зерттеу қателігі 0,5%-ды құрады. Онда Астана мен Алматы қалалары және барлық 14 облыс қамтылған.

Екінші exit-poll –ды «Медиа консул» агенттігі жүргізді. Оның тапсырыс берушісі ьас редакторлар клубы. Зерттеу қателігі 0,69%-ды құрады. Бұл да ұлттық exit-poll болып есептеледі және барлық облыстарды қамтыған.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты үшінші exit-poll-ды жүргізді. Бұл жолға тапсырыс берушісі Zakon.kz порталы. Зерттеу қателігі 0,8%-ды құрады. Қазақстан бойынша 30 мың сайлаушыны қамтыған. 




Яндекс.Метрика