Халықаралық интеграция

Астанада сайлаушылардың дауысын санау барысында құқықбұзушылық тіркелген жоқ – ТМД бақылаушысы

Астанада сайлаушылардың дауысын санаған кезде құқықбұзушылық тіркелген жоқ, деді Орталық сайлау комиссиясында Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Муистон Бердиева.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 10:47

«Мен Қазақстан тарапына үлкен алғыс білдіргім келеді, әсіресе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу барысымен танысу үшін шақырғанына және жақсы қарсы алып, қонақжайлық танытқанына, сондай-ақ жұмысқа жасаған барлық мүмкіндіктеріне үлкен алғыс білдіремін », - деді бақылаушы.

Оның айтуынша, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасын достық қарым-қатынас байланыстырады. Жыл өткен сайын өзара екі жақты экономикалық және мәдени байланыс дамып келеді.

Сондай-ақ, бақылаушы Қазақстанда өткен сайлауға жоғары баға беріп, оның ашық әрі әділ өткенін атап өтті. 

«Есептеу барысында тәртіпбұзушылық байқалмады. Мәжіліске өткен сайлау ашық, есепті әрі әділ өтті деп есептейміз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика