Халықаралық интеграция

Қазақстандағы сайлау әділ әрі ашық өтті – Германия бақылаушысы

Қазақстандағы сайлау жалпы, әділ әрі ашық өтті. Бұл туралы Германияның парламенттегі халықаралық істер комитетінің хатшысы, депутаттар бюросының жетекшісі,Қазақстандағы сайлауға Германияның атынан бақылаушы ретінде қатысқан И.Зелле Андреас Ян айтты.
Нұр-Сұлтан 21 Наурыз, 10:33

«Мен Германия Парламентінде жұмыс істеймін. Сіздердің елдеріңізде өткен сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатысқаныма қуаныштымын.  Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын.  Дауыс беру барысын бақылау өте қызықты болды. Басқалармен бірге қорытындыны асыға күттік. Менің байқауымша, сайлауға дауыс берушілер көп болды. Сонымен қатар, біз дауыстарды санауға да көмектестік»,-деп атап өтті  А. Ян.

Ол сондай-ақ, № 120 сайлау учаскесінде болғанын хабарлады.

«Мен адамдардың аянбай еңбек еткенін көрдім, сайлаушылардың көптеп келгенін байқадым. Мен пікірім бойынша сайлау әділ әрі ашық өтті»,-деп атап өтті ол.

Неміс парламентінің өкілі сонымен қатар, сайлауға әйелдердің көп түскенін байқаған.

«Біздің Парламентте әйелдер 37%, ал, менің білуімше, Қазақстанда 50%-ға жетіп қалатын сияқты. Бұл жақсы үрдіс екен»,-деп бөлісті ойымен.

Андреас Ян бұдан бұрын Албания, Өзбекстан және тағы бірнеше мемлекеттерде бақылаушы ретінде сайлауларға қатысқан.  

«Әр мемлекеттің өз ерекшелігі бар. Мен тек Астана қаласында ғана болдым. Ал, Астанада басқа жерлердегі сайлау қалай өтькені туралы ештеңе айта алмаймын әрине. Дегенмен, халық өз таңдауын жасауға ұмтылды. Өйткені дауыс беруге келген сайлаушылар көп болды. Менің ойымша, адамдар шынымен өз ойларын білдіргілері келген»,-деп қорытты сөзін шетелдік бақылаушы.

Еске сала кетейік, кеше, 20 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтті.





Яндекс.Метрика