Халықаралық интеграция

Литвалық бақылаушы парламенттік сайлауға келген адамның рекордтық көрсеткішін атап өтті

Парламенттік сайлауға келген адамның рекордтық көрсеткішіне куә болып отырмыз. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында Литваның орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зенонас Вайгаукас айтты.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 09:46

«Сіздердің сайлау үрдісіндегі басты жағдай, сайлауды ұйымдастыру болып саналады. Сайлау ашық әрі әділ өту үшін барлық жағдай жасалған», - деді ол.

Литва Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зенонас Вайгаускас барлық елдер арасында сайлау өткізу бойынша тәжірибе алмасу маңызды екендігін атап өтті.

«Біз сайлауға дайындық қалай өтіп жатқандығын талқыладық, 9 қазанда Литваның парламенттік сайлауы өтеді. Мен бұл жерде ҚР ОСК шақыртуымен келдім және сайлаудың ұйымдастырушылығымен, техникалық сұрақтармен танысуға келдім»,-деді ол.

 




Яндекс.Метрика