Парламент

Г.Әбдіхалықова. ҚХА-ы жұмысының маңызды бағыты болашағы бір ұлт қалыптастыру болуы керек

Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясында сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Ассамблеядан сайланған депутаттардың міндеті туралы айтып өтті. Олардың жұмыстарының маңызды бағыты болашағы бір ұлт қалыптастыру болуы керек, деді.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 08:57

«Парламенттегі Ассамблея депутаттары тек өз этносының өкілі ретінде ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының мүддесін қорғайтын өкіл болулары керек. ҚХА депутаттары барлық партия ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеулері керек», деді Г.Әбдіхалықова.

Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, депутаттар жоғарғы заң шығарушы органның барлық қызмет түрлеріне араласулары керек. Сонымен қатар, Ұлт жоспары «Бірлік пен бірегейлік» реформасына ерекше назар аударулары қажет.

«Ұлт жоспарының төртінші реформасы «Бірлік пен бірегейлік» мәселесіне ерекше назар аударылуы керек. Ассамблеядан сайланған депутаттар осы реформаны заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге белсенді атсалысулары керек. Болашағы бір ұлт қалыптастыру бойынша бас оператор – Ассамблея болғандықтан барлық жұмысқа ұйытқы болуға тура келеді», - деп мәлімдеді Г.Әбдіхалықова.

Оның сөзінше, барлық істің нәтижесінде қоғамның тұрақтылығы, жоғары мәдениеттің сақталуы болуы керек.




Яндекс.Метрика