Парламент

«Медиа консул» агенттігі еxit-poll әдісі бойынша 40 мыңнан астам адамға сауалнама жүргізді

«Медиа консул» агенттігі 40 мыңнан астам адамнан сауалнама алды, деді «Медиа консул» агенттігінің директоры Юрий Черкасов.
Нұр-Сұлтан21 Наурыз , 00:44

«Сұхбат алушылар өз жұмысын таңертең сағат 07.00 бастады және сайлаушылар арасындағы сауалнаманы сайлау учаскелері жабылғанша, яғни, сағат  20.00 дейін жүргізді. Күні бойы сауалнаманың 4 толқыны жүргізілді. Барлығы 40050 адам қатысты», - деді Юрий Черкасов.

«Сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға «Сіз қандай саяси партия үшін дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылды.Жауаптар төмендегідей болды:«Нұр Отан» партиясына сайлаушылардың 81,95%;Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына – 7,24%;Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясына – 7,22%;«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясына – 2,00% дауыс берген.Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға – 1,20%;«Бiрлiк» саяси партиясы үшін – 0,39%», - деді ол.

Сауалнама бойынша іріктеудегі орташа қателік сенім ықтималдылығы 99% болған жағдайда, 0,69% құрайды.

«Медиа Консул» агенттігінің қызметкерлері сауалнамаға қатысқан барлық сайлаушыларға алғыс айтады.

Айта кетейік, бүгін  20 наурыз 7.00-ден  20.00-ге дейін  9840 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау өтті.Сайлау үрдісін 817 шетелдік бақылаушы бақылайтын болады. Сыртқы істер министрлігі тағы 147 шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеді. Барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат қралдары тіркелді.

Анар  Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика