Халықаралық интеграция

ШЫҰ атынан бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі азаматтардың белсенділігін атады

Біз сайлау учаскелерінде айтарлықтай белсенділікті байқап отырмыз. Барлық учаскелер халықаралық стандарт бойынша дайындалған. Бұл туралы ШЫҰ байқаушылар миссиясының құрамындағы халықаралық істер жөніндегі Федерация кеңесі комитетінің мүшесі Игорь Морозов ОСК брифингінде айтты.
Нұр-Сұлтан20 Наурыз , 10:43

«Сайлау күні басталды. Біз бүгін Қазақстандағы азаматтар сайлау учаскелеріне келіп өздерінің азаматтық парызын өтеп жатқандығын көрдік. Біз, халықаралық бақылаушылар ретінде ақпараттық  атмосфера қаншалықты дайын болғандығын көрдік, азаматтар қай партияға дауыс беретіндіктерін нақты шешіп келді. Біз сайлау учаскелерінде айтарлықтай белсенділікті байқап отырмыз. Барлық учаскелер халықаралық стандарт бойынша дайындалған», - деді И.Морозов.

Бақылаушы атап өткендей, ШЫҰ мүшелері ЛСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездесіп сайлау үрдісін талқылады.

«Ауқымды және нәтижелі жұмыс барлық қажетті жұмыстың атқарылғандығын көрсетеді, олар өздерінің саяси көзқарастарына орай саяси партияны таңдады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика