Басқару

Кезектен тыс сайлауды ТМД елдерінен 300-ден астам сарапшы бақылайды

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедевпен кездесті.
Нұр-Сұлтан19 Наурыз , 16:32

Кездесу барысында сайлау процесінің негізгі мәселелері және сайлауға дайындықтары талқыланды. ҚР-ғы ТМД елдерінің бақылаушы миссиясы 26 ақпаннан кезектен тыс парламент сайлауының дайындығын бақылады. Миссияның барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ ұзақ мерзімді бақылаушыларға тапсырмаларды нақты орындау үшін тиісті жағдайлар жасалған. Миссияның құрамында ТМД мемлекетінің барлық өкілдері бар.

«Сайлау комиссиясы туралы өз ойларымызбен алмастық және жалпы 20 күндік бақылау барысында сайлау комиссиясы туралы жақсы пікірлер қалыптасты. Қуантарлығы, барлық партияның өкілдері еш қара пиарды қолданбай, науқанға өлшемді қарауда. Ұсынылған адамдар өте жауапты және алдағы уақытта елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және экономиканы дамытуда жұмыс жасайтындарын сеніммен айтуда»,-деп миссия басшысы- Атқарушы комитеттің төрағасы -  ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев айтты.

Сонымен қатар, миссия басшысы айтып кеткендей, ертең, 20 наурыз ТМД-дан 300 бақылаушыны қатыстыруды жоспарлап отыр.

«Біз, сайлау күні миссияда 300-ден астам Ындымақтастық елдің адамдары қатысады деп жоспарлаудамыз, қазір ТМД-дан қысқа мерзімді бақылаушылар келуде»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, кезектен тыс парламент сайлауы Президенттің жарлығы бойынша 20 наурызға бекітілді. Онда алты саяси партия қатысады: «Нұр Отан», «Ақ жол» Демократиялық  партиясы, Қазақстан халқы Коммунистік партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» және «Бірлік» партиясы.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика