Басқару

Қазақстанның ОСК кезектен тыс парламенттік сайлауды өткізуге толық дайын екендігін мәлімдеді

2016 жылдың 18 наурызда сағат 24,00-де Қазақстанда Парламент Мәжіліс депутаттығына өздерінің тізімдерін ұсынған, сонымен қатар мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау науқаны бойынша саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аяқталды. Дауыс беру күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.
Нұр-Сұлтан19 Наурыз , 15:17

Ортсайлаукомның хатшысы Бахыт Мелдешов барлығы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде 13 399 сайлау комиссиясы жұмылдырылғандығын хабарлады. Олардың ішінде – 9 840 учаскілік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық,  Алматы мен Астана қалалалы аумақтарының сайлау комиссиясы, сонымен қатар аудандық мәслихат сайлауы бойынша  2 160 округтік сайлау комиссиясы , қалалық мәслихат сайлауы бойынша 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихат сайлауы бойынша 550 округтік сайлау комиссисы. Жалпы олардың құрамы 93 мың адамды құрады. Олардың барлығы оқытудан өтті. Электоралды компания кезінде барлық аумаұтық сайлау комиссиясымен 900 семинар, жиналыстар, тренингтер мен басқа да шаралар өткізілді. Ортсайлаукоммен үш республикалық семинар ұйымдастырылды: сайлауға қатысатын сайлау ұйымдастушыларына, БАҚ өкілдеріне және саяси партияларға.  

Сонымен қатар, Ортсайлауком барлық сайлаушыларды тиісті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етті. Көбіне, ҚР ОСК тапсырысы бойынша 8 видео ақпараттық плакаттар және 14 жазбалар, оқулықтар, жинақтар және басқа да құралдар аумақтық, округітік және учаскілік сайлау комиссияларына, саяси партиялар мен олардың агенттіктеріне, мәслихат депутаттығына кандидаттарға, бақылаушыларға, БАҚ өкілдеріне және т.б жасалды.

Учаскілік сайлау комиссиясына аранайы «Сайлау кезінде дауыс беру ережесі» атты аранайы оқыту фильмі дайындалды және олар барлық аумақтық, округтік, учаскілік сайлау комиссияларына таратылды.

Сайлау комиссияларының қатысушылары керекті құжаттар және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сайлау бюллетендері сайлау учаскілеріне жеткізілді. Қазіргі таңда сайлау күніне белсенді дайындық жүргізілуде.

Бұның барлығымен сайлаушылардың тізімін нақтылау жұмыстары да жүргізілуде. 2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына орай олардың тізіміне 9 791 165 адам қосылды.

«Сайлау күні сайлаушы еліміздің кез-келген сайлау учаскісінде дауыс беру үшін, дауыс беру үшін есептен шығару құжатын алу керек. Сайлаушылар оны 19 наурыз сағат 18,00-ге дейін жасай алады. Айта кетейін, дауыс беру кезінде  сайлау округінде немесе басқа елді мекеннің сайлау учаскісінде дауыс бергісі келетін сайлаушыға  есептен шығару құжаты берілмейді.  Өйткені Парламент Мәжілісінің сайлауы кезінде, партиялық тізімдер бойынша сайланатын, сайлау округі еліміздің бүкіл аумағы болып табылады, сол себепті шығару құжатын алған сайлаушы елдің барлық жерінде дауыс бере алады. Ал мәслихат депутаттығына кандидаттар тек өздерінің сайлау округі аясында дауыс бере алады,-деді Ортсайлауком хатшысы.

Айта кетейік, дауыс беру 20 наурыз сағат 7,00-ден сағат 20.00-ге дейін 9 840 сайлау учаскісінде өтеді. Болатын сайлауға бақылау жұмысын 817 шетелдік мемлекеттік бақылаушылар және халықаралық ұйымдар жүргізетін болады. Осымен қатар, ҚР СІМ-мен шетелдік БАҚ-тың 147 өкілі аккредитталды.

Осылайша, қазіргі күні барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат құралы аккредитталды.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика