Халықаралық интеграция

АЭХА ТБУ банкі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ядролық қаруды таратпау үшін пайдалы модель болуы мүмкін

Швед астанасы Стокгольм халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институты (СХӘПЗИ) Швециядағы Қазақстанның Елшілігімен бірлесіп «Ядролық қауіпсіздік және қарусыздану саласындағы қатерлер және үміт: «АЭХАТөмен байытылған уранның банкі энергетикалық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау үшін пайдалы модель бола алады ма?» тақырыбында сенминар өткізді.
Әлемде19 Наурыз , 14:32

Сыртқы саясат ведомствосында хабарлағандай, шарада Мвецияның СІМ, сапапшылар қауымдастығы, БАҚ және дипломатиялық корпустар, сонымен қатар Ирак бойынша БҰҰ-ның Арнайы комиссиясының төрағалары, көрнекті швед дипломаты Рольф Экеус қатысты.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану және таратпау ісіне қосқан үлесін атап өтті. Қатысушылар Қазақстаннан жоғары байытылған уранды жою үшін қазақстандық-американдық операция «Сапфир» туралы, БН-350 пайдаланылған ядролық реактор отынын тасымалдау бойынша жобасын қауіпсіз сақтау, био-қауіпсіздік саласындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты және т.б. қызығушылықпен тыңдады.




Яндекс.Метрика