Парламент

Сенатта ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру қаралады

Парламент Сенатының Бюросы Палатаның 2016 жылғы 24 наурызда болатын отырысының күн тәртібін келісті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 14:48

Сенаторлар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді; Қазақстан мен Аустрия арасындағы жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.

Заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарау жоспарланды. Заңнамаға пошта; «жасыл экономикаға» көшу; астық нарығын реттеу; сондай-ақ экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар екінші оқылымда қаралатын болады.
 




Яндекс.Метрика