Халықаралық интеграция

Латвия ОСК-ң ьасшысы барлық қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды

Ең бастысы, дауыс беруге құқы бар әрбір қазақстандықтың сайлауға қатысуы барынша маңызды, деді Латвия республикасының Орталық сайлау коиссиясы төрағасы Арнис Цимдарс ҚР ОСК-да өткен брифингте.
Нұр-Сұлтан 18 Наурыз, 14:32

«Қазір ғана Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясымен кездестім.  Маған барлық сайлау учаскелердің алдағы сайлау науқанына толығымен дайын екендігін айтты. Ең бастысы, дауыс беруге құқы бар әрбір қазақстандықтың сайлауға қатысуы барынша маңызды», - деді А. Цимдарс.

Оның айтуынша, ол дауыс беру күнінде Астананың бірқатар сайлау учаскесінде болатындығын атап өтті.

«Салыстырмалы түрде қарағанда және маған да үгіт компаниялары бұл жолы тыныш өтіп жатқан сияқты көрінеді. Көшелерден де аса қатты байқалмайды. Әрине, мен компания жұмысын әлеуметтік желілер арқылы бақылай алмаймын және жергілікті медиа да маған қол жетімді емес. Дегенмен, барлығы өз кезегімен өтіп жатқан сияқты көрінеді. Әрине, кезектен тыс сайлаудың өзіндік ауыртпалығы болады. Бұл сайлауды ұйымдастырушыларға да оңайға соқпайды. Менің әріптестерім бұл істі ойдағыдай атқарады деп үміттенемін»,-деді Латвия ОСК-ң төрағасы

Сайлау қандай саяси маңызға ие болса да, қаржы мәселесі көлденең шығатыны жасырын еемес.

«Сайлаудың ең біріншіден саяси мәні бар болғанымен қаржылық жағдайды да қаперге алған орынды. Егер, қаржы үнемдеу мақсатында сайлауларды біріктіру қажет болса, онда мұндай қадамға барған жөн. Латвияда да бұл тәжірибе қолданылған. Бұл өз кезегінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Бұның артықшылығы да бар, сонымен қоса тәуекел де бар. Қос сайлауды өткізуде қандай да бір қателіктер кетуі мүмкін. Сондықтан мен аралас сайлауға өте мұқият көзқараспен қараймын. Егер мүмкіндік болып жатса, әрине бөлек өткізген дұрыс сайлауды. Әрине, ондай мүмкіндік болмаса, оған нақты дәлелдер келтірілсе, онда бірге өткізуге болады», - деді Ц.Арнис»

Ботагоз Айтжанова

Сурет: автор





Яндекс.Метрика