Білім беру

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу уақыты 5 күнге дейін қысқартылды

«Болашақ» стипендиясына үміткерлерді іріктеу уақыты 5 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов ОКҚ-да хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 12:24

«Екінші, үшінші және төртінші турларды өткізу 5 күнге дейін қысқартылды. Демек, сіздер бес күн ішінде бар тураларды өтіп, ҚР Президенті жанындағы республикалық комиссия шешімін күтесіздер», - деді Ғ.Нығыметов.

Оның айтуынша, электронды үкімет арқылы құжаттарды тапсырудың танымалдығы өсіп келе жатыр.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша, үміткерлердің 40 пайызы eGov пен ХҚКО арқылы тапсырған. Бұл Астанаға келуді қажет етпейді», - деді ол.




Яндекс.Метрика