Білім беру

11 сәуірде «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталады

11 сәуір айында «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы бойынша қабылдау науқаны басталады. 2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша 700 стипендия бөлінген. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясы барысында айтты.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 12:19

«Осы жылы 700 стипендия бөлінді. Бұл өткен жылғыдан 100 стипендияға көп. Біздің мақсатымыз – потенциалды үміткерлердің мүмкіндігінше көп санын қамту. Ағымдағы жылы құжаттарды қабылдау үш кезеңнен тұрады: 2016 жылдың 11-ші сәуірінен 13 мамырына дейін; 2016 жылдың 13 маусымынан 29 шілдеге дейін; 2016 жылдың 15 тамызынан 30 қыркүйекке дейін. Егер сіздер сәуір айында үлгермей жатсаңыздар, онда құжатты қыркүйек айында тапсыра аласыздар»,-деді Ғ.Нығыметов.  

Оның айтуы бойынша, стипендияға түсу үшін құжаттар үш тәсілмен беріледі.

«Біріншіден, электронды үкіметтің порталы арқылы, сандық қолды ала отырып, барлық құжаттарды сканерлеп ала аласыздар. Екіншіден, «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, бұрындары ХҚО. Сіздер құжаттарды тапсыра аласыздар, ал барлық ХҚО қызметкерлері алатмыш мемлекеттік қызмет туралы біледі. Үшіншіден, құжатты мақсатты тапсыру немесе «Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ-ға сенімхат арқылы тапсыру»,-деді ол.




Яндекс.Метрика