Басқару

Б.Мелдешов: Сайлауды ұйымдастыруға 13 мыңнан астам сайлау комиссиясы жұмылдырылды

Сайлауды ұйымдастыруға 13 мыңнан астам сайлау комиссиясы жұмылдырылды, деді Орталық сайлау комиссиясындағы брифингте ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов.
Нұр-Сұлтан18 Наурыз , 11:46

«БАҚ өкілдеріне  сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге барлығы 13 399 сайлау комиссиясының тартылды. Олардың ішінде: 9 840 учаскелік сайлау комиссиясы, 171 аудандық, 37 қалалық, 16 облыстық, Астана және Алматы қалалары аумақтық сайлау комиссиялары, сондай-ақ аудандық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 2 160 округтік сайлау комиссиясы, қалалық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 625 округтік сайлау комиссиясы және облыстық мәслихаттарға сайлау жөніндегі 550 округтік сайлау комиссиясы. Жалпы алғанда олардың құрамында 93 мыңнан астам мүше бар», - деді Б.Мелдешов.

Олардың барлығы тиісті дайындық пен оқытудан өтті. Электораттық науқан кезеңінде аумақтық сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастырушыларды құқықтық оқыту жөнінде 900-ге жуық семинар, кеңес, тренинг және өзге де іс-шаралар өткізді.

«Орталық сайлау комиссиясы үш республикалық семинар: сайлауды ұйымдастырушылар үшін; БАҚ өкілдері үшін және сайлауға қатысатын саяси партиялар үшін ұйымдастырылды», -деді ол.

 




Яндекс.Метрика