Халықаралық интеграция

ШЫҰ миссиясы Қазақстанның бірқатар облыстарында сайлауды бақылауды жоспарлауда

ШЫҰ миссиясы Қазақстанның бірқатар облыстарында сайлауды бақылауды жоспарлауда, деді ШЫҰ бақылаушылар миссиясының басшысы, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Азиз Носиров Орталық сайлау комиссиясындағы брифингте.
Нұр-Сұлтан17 Наурыз , 17:49

«Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мәжіліс сайлауына дайындық барысымен таныстырды. Мен сайлауға дайындық туралы бірқатар мақалаларды оқып шықтым. Әр күні ақпарат жаңарып отырады. Газеттерде алты партияға арналған мақала көлемдері әртүрлі. Айта кетерлігі, Астанада үгіт-насихат белсенді жүруде», - деді А.Носиров.

Миссия басшысы атап өткендей, екі жыл ішінде делегация мүшелері келуде.

«Біз алдын ала жұмысты жүргізіп жатырмыз, бақылау жүргізетін орынды анықтап жатырмыз.  21 наурызда ШЫҰ қорытындысын береміз», - деді миссия басшысы.

А.Носиров атап өткендей, «біз ауқымды географияны қамтымақпыз, тек Ақмола облысын ғана емес, өзге елдерді де қамтымақпыз. Делегация құрамында 9 адам – ШЫҰ екі қызметкері, Ресейдің 3 өкілі, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай елдерінен 1 өкілден».

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика