Халықаралық интеграция

Алматы әкімі мен ҚХР-ның Төтенше және Өкілетті елшісі екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы ҚХР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэ мырзамен кездесті. Әңгіме барысында Алматының инвестициялық тартымдылығы, туризм мен екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы17 Наурыз , 19:46

Қытайлық тарап қаланың көлік инфрақұрылымын, «Smart City» ақылды қаланы салуға және Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге қатысуға ынталы екендіктерін білдірді.

Кездесу барысында Б.Байбек екі жаққа да пайдалы жобаларды инвестициялауға барлық мүмкіндіктердің бар екендігін жеткізді. Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасында шетелдік капиталды тарту қарастырылған.

Атап өтерлік жайт, бүгінгі күні Алматыда 244 біріккен және 1332 қытайлық капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген, олардың қазір жұмыс істеп тұрғандары: 69 біріккен және 172 шетелдік кәсіпорын.

 

 




Яндекс.Метрика