Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

Бүгінде мен 2050 стратегиясы аясында қайда бет түзеуді білемін

Кешегі Қазақстан Президентінің 2050 стратегиясы барлық саладағы басым бағыттарды айқындап берді, деп есептейді ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.
Астана қаласы17 Желтоксан , 00:00

«Мемлекет басшысы бүгін өте ауқымды міндеттер қойып отыр. 2050 стратегиясының өзі экономиканы дамытудың жаңа қағидаларын ұйымдастыруға, үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуға мұрындық болады, жастардың алдына үлкен міндеттер қойылды. Енді жеңді түріп жіберіп, жұмыс істеуіміз керек. Мемлекет басшысы білікті кадрлар даярлау туралы айтты. Бүгінде жұмыс беруші мен кәсіпорынның өзі сұранысқа жауап беретін кадр дайындауымызға мүдделі. Бұл өте ауқымды бағдарлама. Бүгін мен қайда бет түзеу керек екенін білемін. Президент бағдарламаны жәй ғана ұсынып қойған жоқ, ол әлемдегі барлық озық үрдістерді зерттеді, соның негізінде осы стратегия дайындалды. Біз тереңірек түсінуге тиіспіз», - деді Жұмағұлов. 




Яндекс.Метрика