Ауыл әкімдерін сайлау

БҚО ауыл әкімдерінің сайлауына 500-ге жуық кандидат қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және аудандық/қалалық сайлау комиссияларының қаулыларына сәйкес үстіміздегі жылдың 7 және 9 тамызы күндері Батыс Қазақстан облысының 12 ауданы мен Орал қаласында 151 аудандық маңызы бар қаласы, ауылдық округтері және кенттер әкімдерінің сайлауы өткізілді, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан16 Қараша , 08:31

«Жалпы, 473 ауыл (кент) және Ақсай қаласы әкіміне үміткерлер ұсынылып, тіркеуден өтті. Тіркелген үміткерлердің 8-і өз арыздарын беріп, аудандық сайлау комиссияларының шешімдерімен үміткерлер тізімінен шығарылды. Нәтижесінде, сайлауға 465 үміткер қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Ағымдағы жылдың 7 тамызында Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында, ал 9 тамызында Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Казталов, Теректі аудандары мен Орал қаласында сайлау өтті.

Сайлау Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес өтіп, ешқандай заң бұзушылық байқалған жоқ. Дауыс беру нәтижесі бойынша 151 ауылдық (кенттік) округінің және Ақсай қаласының әкімдері сайланды.

Сайланған әкімдердің 55-і (88,7%) - ерлер, 7-і (11,3%) - әйелдер, 43-і (69,4%) – іс-жүзіндегі әкімдер. Сайланған әкімдердің орташа жастары 43,7 жасты құрайды.

 




Яндекс.Метрика