Инфрақұрылымды дамыту

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің құралына айналады

Мақұлданған «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының басымдықты бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды қолданысқа енгізудің және оларды дамытудың көмегімен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешу болып табылады, деп хабарлады Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Казахстан17 Қаңтар , 00:00

Кеше өткен ведомство кеңесінде, ақпараттық технологиялар - «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізгі жолының бірі ретінде анықталды жәнеолар әкімшілік реформалардың құралы және катализаторы ретінде қарастырылуы тиіс,- деп хабарлады министрліктен.

Бағдарлама аясында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін және рұқсатнама жүйелерін жетілдіру шаралары қабылдануда, мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған бірқатар шаралар іске асырылуда. Олар бизнестің уақытша шығыстары мен шығындарын қысқартуға, әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, мемлекеттік органдардың бақылаушы қызметтерін реттеуге және халыққа  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.

Осы бағыттардың аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жан-жақты енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «мобильді үкімет» құру, ақпараттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін арттыру, азаматтарға электрондық білім, денсаулық сақтау және т.б. қызметтерін алуларына жағдай жасау жөніндегі міндеттер шешіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы "Ақпараттық Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды.

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстанның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етуге жағдай жасау. Бағдарламаны ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айтылған тапсырма аясында мүдделі мемлекеттік органдармен және сарапшылармен бірлесе отырып әзірледі.

Мемлекеттік бағдарлама мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету, инновациялық және ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі, қоғамның әлеуметтік - экономикалық және мәдени тұрғыда дамуы үшін ақпараттық ортаны қалыптастыру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту мәселелерін шешуге бағытталған. 




Яндекс.Метрика