Ұлтаралық бірлік

Алғыс күні – көпұлтты Қазақстанның достығын нығайтатын мереке

Бүгін, 1 наурыз қазақстандықтар алғаш рет Алғыс айту күнін тойлауда.
Астана қаласы01 Наурыз , 19:08

Алғыс күні мерекесін атап өту туралы бастаманы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халы Ассамблеясының 22-сессиясы барысында ұсынды.

«Бұрынғы КСРО-ның орталық өңірлердің ұжымдастыру кезінде 250 мың панасыз шаруалар Қазақстанға жер аударған. Сталиндік режим кезінде толық халық жер аударған: 800 мың немістер, 102 мың полякар, 550 мың Солтүстік Кавказ халық өкілдері, 100 мыңнан астам кәріс отбасылары.  Ал қазақстандық отбасылар мұқтаж болғандықтан өз отбасыларына оларды қабылдады. Мен ббұның барлығын тарихты білгендіктен айтып жатқан жоқпын. Біздің отбасы шағын 10 шаршы метр бөлмеде тұрып, үш баласы бар отбасына қабылдады. Мен әрдайым олардың бір бұрышқа жиналғанын еске аламын. Үстері жұлым-жұлым. Олар біздің отбасыда тұрып,кейіннен бөлек шықты»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде, яғни 1 наурызда Алғыс күні мерекесін атап өтуді ұсынды.

Осылайша, Алғыс күніне орай жасалған  саланатты іс-шара аясында Н.Назарбаев Алғыс күні еіміздің маңызды мерекелерінің бірі болатындығын, бір-бірімізді одан да қатты жақындастыра түсетіндігін атап өтті.

Енді Алғыс күні – ұлттық күнтібенің жаңа күні. Енді жыл сайын осы тамша мерекені атап өтетін боламыз. Менің ойымша бұл мереке қоғамымыздың сенімін, достығын одан әрі нығайта түседі»,-деді Елбасы.  

Егер тарихқа көз жүгіртетін болсақ, саяси қуғынның қайғылы жалдарында миллиондаған адамдар Қазақстанға жер аударылып жіберілді. Осы кезде 6 млн адамдар өздерінің  әріптестерін қонақжайлылықпен қабылдап, баспаналары, тамақтарымен бөлісті.

«Бүгіндері тарихымыздан сабақ алуымыз керек. 20 ғасыр боый Қаақстан көпұлтты халық болып қалыптасты. Олар қазақтарды қайтадан өмір бастағандарына көмектескендері үшін алғыстарын білдіреді»,-деді Елбасы.

Ұйғыр этно мәдени бірлестігінің төрағасы Рүстем Әбдусаламов Алғыс күні  - тарихи нүкте және ҚХА-ның тиімді жұмыстарына аралық қорытынды жасайды деді.

 «Алғаш рет 1 наурызда Алғыс  айту күнін тойлаудамыз. Менің ойымша 1 наурызда Алғыс айту күнін бекіту дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені 1 наурыз -Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасқан күні»,-деді ол.

Төрағаның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақстандық феномен, барлық әлемге әр түрлі халықты, этностарды біріктіруді көрсете білді.  Мемлекет басшысының 1 наурыз айын Алғыс айту күні деп хабарлауы-үлкен тарихи нүкте және ҚХА-ның тиімді жұмыстарына аралық қорытынды жасайды. Жалпы бұл көктем айының керемет күні»,-деді ол.

Сондай-ақ Р.Әбдісаламов Президенттің ойымен пікірлес. Бұл махаббат пен мейірімділіктің мерекесі болуы ықтимал деп есептейді.

«Алғыс күні біздің елімізге жер аударған этникалық топтар өкілдеріне қазақ ұлтына және қазақ жеріне алғыс білдіруге мүмкіндік береді», деп қорытындылады ол.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика