Ұлтаралық бірлік

Р.Халмұрадов: Қолындағы бір үзім нанын бөліп берген қазақ халқына алғыс айтуымыз керек

Қазақстанға әртүрлі себептермен келген, зорлық-зомбылықпен келген болсын, барлық этнос өкілдеріне қолындағы бір үзім нанын бөліп берген қазақ халқына алғыс айтуымыз керек. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылым депутаты Розақұл Халмурадов strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 01 Наурыз, 18:40

«Бүгін Алғыс айту күні. Біріншіден, Қазақстанда тұратын барлық 130-ға тарта этнос өкілдері бір қоғамда, бір елде тату-тәтті өмір сүріп жатқанымыз үшін бір-бірлеріне алғыс айтулары керек. Екіншіден, осы Қазақстанға әртүрлі себептермен келген, зорлық-зомбылықпен келген болсын, барлық этнос өкілдеріне қолындағы бір үзім нанын бөліп берген қазақ халқына алғыс айтуымыз керек. Қазақстанда барлық этносты бір отаудың астына біріктіріп, дана саясатмен барлығымыздың бірлігіміз бен татулығымызды нығайтып отырған Елбасына алғыс айтуымыз керек. Бәріміз бір-бірімізге алғыс айтатын күн»,-деді Розақұл Халмурадов.

Естерінізге  сала кетейік, Қазақстан алғаш рет Алғыс күнін атап өтуде. Елбасы Қазақсстан халқы Ассасмблеясының 22-сессиясында 1 наурызда Алғыс айту күні мерекесін өткізу туралы бастама айтқан болатын. 

Қанат Тұрар

 





Яндекс.Метрика