Мәдениетті жаңғырту

Мемлекет басшысы «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды

Мемлекет басшысы Алғыс айту күніне орайластырылған «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Астана қаласы01 Наурыз , 18:20

Режиссер А.Сатаевтың картинасының сюжеттік желісіне фильм кейіпкерінің басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған.

Фильм 1930 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Негізгі оқиғалар қазақ халқы үшін қиын кезеңде – ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары және одан кейінгі кезеңде өрбиді.

Тарихи драма Қазақстанда, Беларусьте және Әзірбайжанда түсірілген. Жалпы, картина түсіріліміне 2 мыңнан астам адам қатысқан.

 




Яндекс.Метрика