EXPO-2017

А. Кочофа: EXPO- 2017 көрмесін өткізу – Қазақстан үшін ілгерілеудің мүмкіндігі

Эксклюзив
EXPO- 2017 көрмесін өткізу – Қазақстан үшін ілгерілеудің мүмкіндігі, ел бұл шараға дайын. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Ресейдегі Бенин Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анисет Габриэль мәлімдеді.
Астана қаласы 01 Наурыз, 19:52

«Қазақстанның EXPO- 2017   көрмесін өткізу бастамасыөте орынды, бұл шешім өте тиімді, Қазақстанның жеңісі – ел үшін үлкен жетістік, ол жаңа белеске көтерілуге қанаттандыра түсті», - деді елші.

А.Кочофа атап өткендей, Қазақстан таңдап алған тақырып өте өзекті, ол аталмыш ел үшін ғана емес, өзге елдер үшін де маңызды, себебі энергияның адамзат өмірінде атқаратын рөлі зор.

«Біз болашақтың энергиясы туралы айтсақ, Қазақстан шараны өткізуге дайын, қатысушылар санынан қызығушылықтың үлкен екенін байқаймыз», - деді ол.

Елшінің пікірінше, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу  - алға жасалатын қадамның мүмкіндігі.

Индира Кауметова

Сурет alumnirudn.ru сайтынан алынды 





Яндекс.Метрика