Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Астанада ІІМ-нің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлады ІІМ.
Астана қаласы01 Наурыз , 19:41

Отырысқа байқау нәтижелері бойынша сайланған Кеңес мүшелері, атап айтқанда, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғылыми және құқықтық ортаның, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ғылыми-құқықтық ортаның көрнекті өкілі Қоғамов Марат Шекішұлы сайланды. М.Қоғамов бүгінде    Қазақ гуманитарлық заң университетінің қылмыстық-процестік зерттеулер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ҒЗИ директоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор.      

Қоғамдық кеңес отырысында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Елбасының тиімді қоғамдық кеңесті құру және билік қызметіндегі теріс әрекеттерге қарсы тұруда оның рөлін арттыру туралы баса айтқанын атап өтті.

Бұл туралы «Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру туралы 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында нақты тапсырмалар берілген, онда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы қызметінің жаңа форматы белгіленді.

Отырыстың нәтижесі бойынша заң шығарушылық қызмет мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы шешім қабылданды, аталған комиссия азаматтардың құқықтары, бостандықтары мег міндеттеріне қатысты министрлік әзірлейтін нормативті құқықтық актілердің жобаларын қарастыратын болады, сондай-ақ ІІМ-де қаралатын азаматтардың өтініштерін, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін мәселелер қараумен айналысатын комиссия құрылады.

Сонымен қатар Кеңестің президиумы және ІІМ Қоғамдық кеңесі туралы ереженің жобасы бекітілді.




Яндекс.Метрика