Ұлтаралық бірлік

Р.Әбдусаламов: Алғыс күні - тарихи нүкте және ҚХА-ның тиімді жұмыстарына аралық қорытынды жасайды

Алғыс айту күні – үлкен тарихи нүкте, Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді жұмыстарына аралық қорытынды жасайды. Бұл махаббат пен мейірімділіктің мерекесі болуы ықтимал. Бұл жөнінде Ұйғыр этномәдени бірлестіктердің төрағасы Рүстем Әбдусаламов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы01 Наурыз , 19:24

«Алғаш рет 1 наурызда Алғыс  айту күнін тойлаудамыз. Менің ойымша 1 наурызда Алғыс айту күнін бекіту дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені 1 наурыз -Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасқан күні»,-деді ол.

Төрағаның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақстандық феномен, барлық әлемге әр түрлі халықты, этностарды біріктіруді көрсете білді.  Мемлекет басшысының 1 наурыз айын Алғыс айту күні деп хабарлауы-үлкен тарихи нүкте және ҚХА-ның тиімді жұмыстарына аралық қорытынды жасайды. Жалпы бұл көктем айының керемет күні»,-деді ол.

Сондай-ақ Р.Әбдісаламов Президенттің ойымен пікірлес. Бұл махаббат пен мейірімділіктің мерекесі болуы ықтимал деп есептейді.

«Алғыс күні біздің елімізге жер аударған этникалық топтар өкілдеріне қазақ ұлтына және қазақ жеріне алғыс білдіруге мүмкіндік береді», деп қорытындылады ол.

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика