Ұлтаралық бірлік

Н.Шанаи: Алғыс айту күнін тойлау тәрбиелік мәнге ие

Алғыс күнін тойлау тәрбиелік мәнге ие, деді Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нәзипа Шанаи Орталық коммуникациялыр қызметінде.
Астана қаласы01 Наурыз , 17:06

«Алғыс айту сөзінің  мағынасы өте терең. Бұл туралы барлығы біледі. Қазақстан тарихында бірінші рет тойлап отырған мереке тәрбиелік мәнге ие. Бүгін біз жастар өздерінің тарихын ұмытып кетпеулері бойынша жұмыс істеуіміз қажет. Тарихи сана қалыптасты, ол Қазақстанда қоғамдық келісімнің негізі болып қалыптасты», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика