Ұлтаралық бірлік

Ақтөбе облысында Алғыс айту күнін 90 ұлттық өкілі мерекеледі (ФОТО)

Ақтөбеде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған шара өтті.
Ақтөбе 01 Наурыз, 18:52

Шараға алыс және таяу шығыстың азаматтары, ҚХА мүшелері, этномәдіни ұйым өкілдері, студенттік жастар қатысты, деп хабарлады өңірдің әкімдігі.

«Мемлекет басшысы біздің халықтың басты құндылығы бірлік пен біртұтастық екенін үнемі айтады. Бүгінде біздің этникаралық келісім тәжірибесін өзге елдер зерттеп, қолдануда. Елбасының бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні Қазақстандағы бірлік пен біртұтастықтың дамуцына ықпал етеді. Бұл мереке қазақстандықтардың жаңа ұрпағы өз халқының тарихы мен құндылықтарын біліп, қастерлеуін дәріптеуге бағытталған», - деді әкіәм қатысушыларға.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының аймағында 90 ұлт өкілі өмір сүруде.

 

 

 





Яндекс.Метрика