Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

«Өзін-өзі реттеу туралы» Заңымен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің институты енгізілді

«100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 97 қадамын, атап айтқанда азаматтардың мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға тапсыру арқылы шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту аясында іске асыру мақсатында 2016 жылғы 15 мамырда күшіне енетін «Өзін-өзі реттеу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
Астана қаласы01 Наурыз , 18:36

Заңмен кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің жаңа институты енгізіледі, ол осы қызмет түрлерінің субъектілеріне өздігінен саланы реттеуге тікелей қатысу арқылы нарықта ойын ережелері мен шарттарын өздігіген анықтауға мүмкіндік береді. 

Заң мемлекеттік реттеудің жағымсыз аспектілерін жоюға, отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге жағдай туғызады. Төменде көрсетілген белгілермен өзін-өзі реттейтін ұйымдар деп аталатын кәсіпкерлердің өзіне тән бірлестігін және олардың заңды тұлғаларын құру мүмкіндігі көзделген: бекітілген салалық, ішкі ережелер мен стандарттар;өз мүшелерінің қызметін бақылау; ортақ мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету.

Заңға сәйкес, өзін-өзі реттеу – өзінің қызметін жеке және заңды тұлғалармен дербес реттеуіне бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, өзін-өзі реттеу - кәсіпкерлер одағы үшін өкілеттіліктер жиынтығы ғана емес, сондай-ақ тұтынушыға бизнеспен ұсынылатын сапа кепілдігі. Заңмен өзін-өзі реттеу ерікті немесе міндетті болу мүмкіндігі анықталады.

Ерікті өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет салаларындағы мемлекеттік реттеумен қатар өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары талаптар белгілене отырып қолданылады. Ерікті өзін өзі реттеу бұл нарықтағы бәсекелестік ортаның даму құралы. Ерікті өзін өзі реттеудің негізгі қағидасы –  бірігу еркіндігі және саланың отрақтығы.

Кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтегі міндетті өзін өзі реттеуі  мемлекеттік функцияларды іске асырумен не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттілігімен ұштасатын қызмет салаларында енгізіледі. Міндетті өзін өзі реттеудің негізгі қағидасы -  тиімділік, қайталауды болғызбау (мемлекеттік органдар мен өзін-өзі реттейтін ұйымдар құзыретінің аражігін ажырату).

Аудиторлар, бағалаушылар, нотариустар сияқты қолданыстағы бірлестіктер мысалында өзін-өзі реттеудің әртүрлілігіне көз жеткізуге болады.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін бастау, сол сияқты тоқтату үшін негіз бұл туралы реттеуші мемлекеттік органға жіберілген хабарлама болып табылады.




Яндекс.Метрика