Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Серік Ахметов ЖОО-ларды түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша бағалауды ұсынды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жоғары оқу орындарының жұмыстарын бағалаудың басты өлшемі ретінде олардың түлектерінің жұмысқа орналасуын айқындады.
Казахстан27 Тамыз , 00:00

«Жоғары білім беруге қатысты айтар болсақ, ЖОО-ларды бағалау үшін басты критерий түлектердің жұмысқа орналасуы болуы тиіс деп санаймын. Бұл маңызды аспект. Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің тұрақты бақылауында болуы тиіс. Әсіресе жеке ЖОО-лар түлектерінің жұмысқа орналасуы да. Соған сәйкес жұмыс берушінің, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс формасында кадрларды дайындау барысында бағалау фактісі қажет», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ЖОО-ларды оңтайландыру аталған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін айтқан еді. Оның атап өтуінше, ЖОО-лар санын қысқарту жұмыстарынан кейін алдағы 2 жылда Қазақстанда жалпы алғанда 100-ге жуық ЖОО қалады. Осылайша еліміздің өңірлерінде 1 мемлекеттік және 1 ірі жеке жоғары оқу орны ғана қалады.




Яндекс.Метрика