Ұлтаралық бірлік

ҚР-да Алғыс айту күнiне орай 800-ге жуық шара өтеді

Алғыс айту күнi елімізде 800-ге жуық шара өткізілді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы секторының меңгерушiсi Нәзипа Шанаи ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.
Астана қаласы01 Наурыз , 16:08

«Бүгiн керемет күн, себебi алғыс айтудың өзi керемет. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-шi сессиясында Қазақстан көпэтносты мемлекет ретiнде қалыптасуына орай тарихқа шолу жасай отырып, осы ойды айтқан болатын», - дедi Н.Шанаи.

«Бүгiн, наурыздың 1-i күнi Қазақстанда алғаш рет тойланып жатқан бұл мереке жалпы 800-ге жуық шараны қамтыды. Алғыс айту мерекесi Елбасының қатысуымен Астанада өттi. Бүгiнгi шараның маңыздылығына келсек, ол – мейiрiмдiлiк пен қайырымдылыққа бағытталған тәрбиелiк мәнi бар мереке», - деп түйіндеді сектор меңгерушiсi.




Яндекс.Метрика