Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қ.Бөрібеков: Кәсіби-техникалық білімді енгізу жастарды алғашқы жұмысшы мамандығын алуға ықпал етеді (ВИДЕО)

Тегін кәсіби-техникалық білім беруді енгізу барлық жастар үшін бірінші жұмысшы мамандықтарын алуға ықпал етеді. Бұл жөнінде «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары Қадырбек Бөрібеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.
Астана қаласы 01 Наурыз, 15:54

«Бағдарлама барлық жастарға алғашқы жұмысшы мамандығын алуға көмектеседі. Бұл жастар арасындағы ең өзекті мәселе, және жыл сайын оқушалар жұмыссыз қалып жатады. Аталмыш бағдарлама  мемлекеттің бюджет тарапынан бірінші мамандығын оқып алуға септігін тигізеді»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемінің ұлғаюы ғана емес, ол инфрақұрылымның құрылуы мен кеңеюі, техникалық базаның ныаюы болып табылады. Олардың барлығы Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» қарастырылған.

«77-ші қадамында 10 үздік ЖОО мен 10 үздік колледж бойынша кадрларды дайындау қарастырылған. Бұл колледждер үшін жаңа білім беру бағдарламасы әзірленуде және олар халықаралық талаптарға сай келеді»,-деді ол.

Қ.Бөрібектовтың түсіндіруінше, бұрындары нарық бұқаралық қолдану мен біліктілік мамандықтарымен толысып, адамдар жетекшілерінң көмегімен өндірісте жұмыс істей алды.

«Бүгінгі таңда өндіріс келген жұмыскерлердің дәрежесі бұрынғылармен бірдей болып, тез арада жұмысқа кіріскендігін қалайды. Осы мақсатта білім беру бағдарламасы жоғары деңгейдегі білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етеді»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Презимденті Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында ҚР Үкіметіне 2017 жылы іске асырылатын жаңа «Барлығына тегін кәсіптік-тезхникалық білім» атты жобасын әзірлеп, енгізуге тапсырма берді.

Индира Қауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика