ҚР ИИДМБ

А.Коваль: 10 ЖОО-ның өңірлерді қамтуы ИИДМБ бағдарламасының басымдылықтары бойынша жүзеге асырылады

ИИДМБ бойынша кадр дайындайтын 10 ЖОО арасында бәсекелестік жоқ, себебі барлық басымдықтар жоспар бойынша бөлінді, өңірлерді қамту ИИДМБ бағдарламасы аясында жүзеге асырылды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жоғарғы оқудан кейін оқыту және ғылым басқармасының жетекшісі Андрей Коваль.
Қостанай01 Наурыз , 16:00

«ИИДМБ бойынша кадр дайындайтын 10 ЖОО арасында бәсекелестік жоқ, себебі барлық басымдықтар жоспар бойынша бөлінді, өңірлерді қамту ИИДМБ бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Қазір  магистратураға  бөлінген  130 орын бойынша кадрларды іріктеу  жүзеге асады», - деді А.Коваль.

Оның айтуынша, бағдарламаға өндірістік кәсіпорын өкілдері, еңбек өтілімінсіз  келген бакалаврлар мен өзге үміткерлер қатысады.

«Аталмыш бағдарлама бойынша біздің ұстаздар  тағылымдамадан өтіп жатыр,  олардың құрамына  қаржыландыру және еуропалық тәжірибені меңгеру енеді. Біз бұл іс тек қана білім беру бойынша ғана емес, сондай-ақ, өндірістік салаға септігін тигізіп, Қазақстан экономикасына әсер етеді деп үміттенеміз», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика