Парламент

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Сенатың баспасөз қызметі.
Астана қаласы01 Наурыз , 15:49

Хаттама ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға, ақпарат саласындағы ыдыратушылық ақпараттық ықпал етулер мен төтенше жағдайларды болдырмауға, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарының ынтымақтастығына құқықтық негіз жасауға бағытталған.

Хаттаманың ережелеріне сәйкес, тараптар ақпараттық кеңістікті ыдыратушылық ықпал етуден қорғау мүддесінде ынтымақтасуға, ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын және ұлттық заңнамада конституциялық құрылыстың негізіне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы, бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар ретінде сараланатын қылмыстардың белгілері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында ынтымақтасуға міндетті.

Бұл үшін тараптар мынандай салалардағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқылы: ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша ақпарат алмасу, үйлестірілген іс-шаралар мен операцияларды жоспарлау және өткізу, жедел-іздестіру іс-шараларын және процестік әрекеттерді жүргізу туралы өтініштерді орындау, сондай-ақ кадрларды даярлауда және олардың біліктілігін арттыруда жәрдем көрсету, өзара қызығушылық білдіретін проблемалар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу. Ынтымақтастық уәкілетті құзыретті орган арқылы жүзеге асырылады, оның сұрау салуы бойынша қажетті жәрдем көрсетілетінін болады. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика