Ұлтаралық бірлік

Шығыс Қазақстан облысында Алғыс күніне орай 500-дей мерекелік шара өтуде

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Алғыс күнін кең көлемде атап өтіп жатыр. Облыстың барлық жерінде форумдар, көрмелер, концерттер, акциялар мен флешмобтар ұйымдастырылған.
Шығыс Қазақстан01 Наурыз , 17:43

Барлығы 500-дей іс-шара өтуде. Тек Өскемен қаласының өзінде алңыс апталығы аясында 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Облыс орталығында «25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» этнофестивалі өтті. Кітаптар мен мұрағат материалдары, фотосуреттер көрмелері ұйымдастырылды. Қоғамдық орындарда құттықтау хаттары таратылып жатыр.

Семейліктер де мерекені тойлауға бір адамдай атсалысты. Бір апта бойы мектептегі кітапханаларда «Қазақ еліне тағзым» көрмесі өтіп жатыр. Сонымен қатар, балалар мен зейнеткерлерге арналған «Мейірімділік керуені», «Асар» қайырымдылық акциялары өтті.

Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға арналған «Ашық есік күні» жарияланды.

Бүгін Абай атындағы әмбебап кітапханада достық кеші өтеді. Қаланың орталық алаңында 400 жастың қатысуымен «Алғыс айтамын» флешмобы ұйымдастырылады.

Өскемен мен Семей перзентханаларында «Сүйінші» акциясы өтіп, осы күні дүниеге келген жас аналар мен балаларға сыйлықтар таратылды.

Таң атқаннан бері ШҚО аудандары да Алғыс айту күнін тойлауды бастады. Мәслен, Бородулихада флешмоб ұйымдастырылып, «Алғыс бата ал» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі акциясы өтті.

Риддерде Алғыс күніне орай 100 шара өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Өскемендегі кейбір медициналық мекемелерде бүгін ашық есік күні жарияланған. Келушілер мамандардың көмегіне бұл күні тегін жүгіне алады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика