Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР СІМ жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Қазақстан Республикасы Сыртық істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес өкілеті құрылды, деп ведомствода хабарлайды.
Астана қаласы01 Наурыз , 16:37

Айта кететін жайт, мемлекет басшысының қоғамдық қорды құру туралы тапсырмасын іске асыру аясында 19 ақпан Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде отырыс өтті. Отырыс барысында Қоғамдық кеңесті құру бойынша байқауды іріктеу негізінде Жұмыс тобы жасалды және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне байқау жарияланды.

29 ақпан Жұмыс тобы кезекті отырыс өткізді. Отырыс кезінде Қоғамдық кеңес мүшелеріне дауыс берілу жұмысы жүргізілді және «Қоғамдық кеңес туралы» атты жарғы құжатының жобасы дайындалды, сонымен бірге 2016 жылға Қоғамдық кеңестің Жұмыс жоспары әзірленді. Бұл Қоғамдық кеңестің инаугурациялық мәжілісінде негізгі талқыланған құжаттары болады.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің алаңында атқарылған жұмыс нәтижесінде Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына министрліктің сегіз өкілі мен он сегіз қазақстан қоғамының өкілдері, оған қоса ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Айтімов, ҚР Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Қуаныш Сұлтанов және Уәлихан Қонырбаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «АРГО» атқарушы директоры Жәмилә Асанова, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы» бойынша Қостанай филиалының директоры Анастасия Миллер және т.б. кірді»,-деп хабарландыруда айтылған.

Қоғамдық кеңестің құрамы 2016 жылдың 29 ақпан айында ҚР Сыртқы істер министрінің Бұйрығымен бекітілді.

Кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметінде қоғамдық мониторингтің  жаңа мекемесі болып табылады. 




Яндекс.Метрика