Ұлтаралық бірлік

ҚР Президенті: Қазақстандық этникаралық келісімнің теңдессіз тәжірибесін неғұрлым көп ел қолданса соғырлым әлем қауіпсіз бола түседі

Қазақстандық этникаралық келісімнің теңдессіз тәжірибесін неғұрлым көп ел қолданса соғырлым әлем қауіпсіз бола түседі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған ресми шарада осындай ой айтты.
Астана қаласы01 Наурыз , 13:24

«Алғыс айту күні - бұл алдымен бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде еліміздің ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан Қазақстан азаматтарының бір-біріне деген шынайы алғысы мен ыстық ықыласының белгісі.Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің 20 жылында қазіргі Қазақстанды мекендеген этностық топтардың ортақ тарихи тағдыры халықтың ділінде, өмірге деген көзқарастары мен ұмтылыстарында жағымды көріністер қалыптастыра отырып, сол арқылы барлық этностарға бірдей ортақ құндылықтар мен идеяларды кеңінен насихатталуда», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, 1 наурыз "Нұр Отан" партиясының құрылған күні. 

«1 наурыз біздің елімізде көктемнің алғашқы күні ғана емес, бұл күн - Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні. Бұл күн - "Нұр Отан" партиясының негізі қаланған күн және менің арнайы Жарлығыммен Алғыс айту күні. Бұл күні тағдыр талайымен біздің жерімізге қиын-қыстау кезеңде депортацияланған өзге ұлттардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан халқының негізін құраушы ұлттарға алғыс айту күні. Яғни, өзге ұлт пен ұлыс өкілдері қазақтарға разылығын білдіріп жатса, біздер ұлан-байтақ даламызды мұраға қалдырғаны үшін ата-бабаларымызға алғысымызды айтуымыз керек" деді Елбасы.

Президент атап өткендей, қазір «Нұр Отан» партиясы мәжілістегі сайлауға орай  сайлауалды кампанияны жүзеге асырып жатыр.

«Меніңше, әрбір адамға құқықтық реформалар мен бағдарламалардың негізін түсіндіре аламыз деп ойлаймын. Өткен 17 жыл ішінде өз міндетін мұқият атқарып келе жатқан партия, өз платформасын өткен сайлауда да атқарды. «Нұр Отан»  қазір де басты үміт мемлекеттің саяси күші екенін түсінді, ол барлығын біріктіріп бір бағытқа, Қазақстанның дамуына жол көрсетіп отыр. Бұл сайлауда «Нұр Отан» партиясын халық қолдайтынына сенімдімін», - деді Елбасы.

Айта кетейік, биыл 14 қаңтарда Президент бірінші наурызды Алғыс айту күні ретінде белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін ел халқы бұл мейрамды алғаш рет атап өтіп отыр.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика