Білім беру

Қазақстанда мұғалімдерге тілдерді білу туралы сертификаттауды енгізу жоспарланған

Қазақстанда үш тілде білім беру жол картасы шеңберінде мұғалімдерге сертификаттауды енгізу жоспарланған. Бұл жөнінде Үш тілді білім беру орталығының директоры Ләйлә Сырымбетова үш тілді білімді дамытуға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтып өтті.
Астана қаласы01 Наурыз , 13:12

«Тәуелсіз сертификацияны енгізгіміз келеді, ең бастысы тілдер пәнін беретін мұғалімдерге»,-деді Л. Сырымбетова.

Оның айтуы бойынша, осыған ұқсас бағдарлама Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейді.

«Оларда облыс әкімі Даниал Ахметовпен бекітілген өздерінің эксперименттік бағдарламасы бар. Олар жұмыстарын бастап, қазақ және орыс тілдерінің тіл курстары оқытушыларына сынақ жүргізді»,-деді Үш тілді білім беру орталығының директоры.

Сонымен бірге, қазақ тілінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы оқытылатын болады. Ал орыс тілінде орыс тілі, орыс әдебиеті және дүниежүзілік тарих оқытылады.

«Қазақ тілінді оқытуды 2020 жылдан бастауды жоспарлаудамыз. Алайда, бұның барлығы кадрларға қатысты мәселелерді шешумен байланысты»,- деді ол. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика