Ұлтаралық бірлік

Н. Назарбаев: Алғыс айту күні біздің еліміздің әрбір азаматына рухани жақын мереке болады

Алғыс айту күні біздің еліміздің әрбір азаматына рухани жақын мереке болады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған ресми шарада осындай ой айтты.
Астана қаласы01 Наурыз , 13:00

«Бұл күнді қайырымдылық акциялары мен көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы өткізу қажет. Осыған орай Ассамблеяның арнайы қоры құрылды, ол арқылы бір-біріне қолдау көрсету мүмкіндігі туады. Акция ауылдар мен аудандарда, қала мен облыстарда әлеуметтік көмек көрсету маңыздылығы туады», - деді Елбасы.

«Алғыс айту күні - бұл алдымен бейбітшілік пен келісім саясатының нәтижесінде еліміздің ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан Қазақстан азаматтарының бір-біріне деген шынайы алғысы мен ыстық ықыласының белгісі», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы өз мәлімдемесінде Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің 20 жылында қазіргі Қазақстанды мекендеген этностық топтардың ортақ тарихи тағдыры халықтың ділінде, өмірге деген көзқарастары мен ұмтылыстарында жағымды көріністер қалыптастыра отырып, сол арқылы барлық этностарға бірдей ортақ құндылықтар мен идеяларды кеңінен насихаттағандығын атап өтті. 

 

 




Яндекс.Метрика