Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев: Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері - біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек (ФОТО)

Алғыс айту күні бір-бірімізді одан әрі жақындата түседі. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері - біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек, деп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне орай өткізілген салтанатты іс-шарада айтты.
Астана қаласы 01 Наурыз, 12:53

«Біздің көпұлттылық  жасанды құрылды. Алайда бұған адамдардың кінәсі жоқ. Керісінше, біз ортақ тілімізді таптық, бір-бірімізді түсіне білеміз. Қазірдің өзінде тәуелсіздіктің жаңа дәуірінде біз бір топтасқан барлық ұлттың этникалық топтарын біріктіре алдық»,-деді Елбасы.

Елбасының айтуынша, біз барлық уақытта тоталитарлық көліктен зардап шеккенбіз.

«Біз жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін өткіземіз. Бүгін біз бірегей ел болып табыламыз және бейбітшілік пен келесімде жүзден астам этностар мен 17 конфессия өмір сүруде. Бірге қалалар мен ауылдарды құрастырып, индустрияны дамытып, жолдарды салып, отбасы құрып, балаларды тәрбиелеудеміз. Бірге жетістіктерге қуанамыз, қиын кездері бір-бірімізге қол ұшын береміз»,-деді Н.Назарбаев.

«Алғыс айту күні бір-бірімізді одан әрі жақындастыра түседі деген сенімдемін. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүру өнері - біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек. Осы қарым-қатынасымызды сақтап, дамытуымыз тиіспіз»,- деді Президент.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика