ҚР Президентінің Жолдауы

У.Жамалбек: Дағдарыстан еңсемізді тік көтеріп шығып кетуге мүмкіндігіміз бар

Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік тауарларын өндіретін шағын-және орта кәсіпкерлік кеңінен қанат жайған. Халық күнделікті тұтынатын сүт өнімдерінің көптеген түрлерін өндіретін «Сайрам сүт» ЖШС-ң директоры Уәлихан Жамалбек мырзамен сұхбаттасып, кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі турасында пікір бөліскен едік. У.Жамалбек әңгімесін әлемде болып жатқан түрлі жағдайларға қарамастан еліміздің тұрақты дамуы Елбасының салиқалы саясатының арқасы деп бастады әңгімесін.
Астана қаласы 01 Наурыз, 13:54

«Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының салихалы саясатының жемісі деп білеміз»,-дейді Улихан Жамалбек мырза.

Елбасының өткен жылғы халыққа Жолдауы – әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың барлық сұрақтарына  жауап іздей отырып, күрделі кезеңнен елді аман-есен алып шығудың алғышарттарын қарастырған Жолдау десек жарасады, дейді кәсіпкер.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» атты Жолдауында бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын айтып өтті. Ол яғни, геосаяси дағдарыс пен жетекші елдердің санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қаржы-экономикалық дағдарыстан өз қалпына келтіруге қосымша кедергілер туындатады. Соның салдарынан әлемдік нарықтарда баға құлдырауда, яғни экономиканың өсімін баяулатады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы дәл сондай тарихи күрделі кезеңде жарияланып отыр. Мұны әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың барлық сұрақтарына  жауап іздей отырып, күрделі кезеңнен елді аман-есен алып шығудың алғышарттарын қарастырған Жолдау десек жарасады. Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат»,- деп атап өтті кәсіпорын басшысы. 

Индустриалды-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары, дейді «Сайрам сүт» ЖШС-ң директоры.

«Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын  орындаудың жалғасы ретінде таныдым. Әсіресе, индустриалды-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салалары осы Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Мәселен, жолдаудың жетінші бағыты бойынша орта және шағын бизнес саласына айырықша көңіл бөлінген және де осы бағытта қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін айтып кетті. Мемелекет тарапынан кәсіпкерлерге тамақ өндірісін дамыту үшін ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша жеңілдітілген несиелер берілген еді. Сонын ішінде біздің «Сайрам сүт» ЖШС-де бар. Сапалы табиғи сүт өнімдеріне сұраныстын артуына байланысты, сауда аймағын ауқымды игеру үшін, заманауи талаптарға сай жаңа цехті қосуды мақсат еттік. Осы мақсатты іске асыру үшін 2013 жылы «Сайрам сүт» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің қолдауымен Даму корпорациясынын субсидияландыру арқылы Сбербанк АҚ-нан 180 млн. теңге субсидия алынды. Алынған қаражат толығымен игеріліп тәулігіне орташа шамамен 20 тонна сүт өндіретін зауытты іске қостық. Осының барлығы Елбасымыздын саясатының тура жолда екенін көрсетеді»,-деді У.Жамалбек.

Мемлекеттің қамқорлығының арқасында «Сайрам сүт» ЖШС-і жаңа цех ашып, өндіріс қуатын арттырған.

«Бүгінгі таңда сүттен сүт өнімдерінің 27 түрін өндіреміз. Бұл өнімдердің қатарында айран, сүт, қаймақ, құрт, ірімшік, май, иогурттар және тағы басқа да өнімдер бар. Бұл өнімдер Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысына жеткізіледі. Өнімдерді тек дүкендерге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сатылымдарға қатысып, өнімімізді білім беру мекемелеріне, ауруханаларға тағы басқа да әлеуметтік мекемелерге жеткіземіз. Болашақта Алматы қаласы мен Қызылорда облыстарының нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда кәсіпорында 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жалақыларын ай сайын тұрақты түрде алып отыр.  Алдағы уақытта қосымша жұмыс орындарын ашу ойымызда бар. Негізі жаз мезгілі науқан қызатын уақыт. Осы кезде жұмысшылар саны да артатын болады. Осы тұста тағы бір айта кететін жайт, бізге мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіліп келеді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алдық. Жаңа ғимарат салған болатынбыз. Жаңа цехқа облыс әкімшілігінің қолдауымен және «Даму» корпорациясының субсидиялауымен жаңа құрылғылар алып, заманауи техникалармен жабдықтадық. Бұл қондырғы күніне 20 тонна сүт өндіруге қауқарлы. Екі жыл болды осы жаңа цехта жұмысымызды жүргізіп жатырмыз. Бұрынғы цехта ең көп дегенде 5 тонна ғана сүт өндіре алатын едік. Ол цех қазір ескірді. Қазіргі жаңа цех күніне 40 тоннаға дейін сүт қабылдай алады. Сонымен қатар, Елбасының қаулысымен бекітілген ереже бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінен де субсидия алып отырмыз. Жалпы жылына 1 410 мың литр сүт өндіріп, 306 млн.462 мың теңге табыс кіргіземіз»,-дейді У.Жамалбек.  

Экономикалық дағдарыстан дағдармай шығуға мүмкіндігіміз мол дейді серіктестік басшысы.

«Дағдарыстың салқыны барлық кәсіпорынға тиетіні сөзссіз. Бізге ешқандай әсері болған жоқ деп айта алмаймыз әрине. Елбасымыз айтқандай, нағыз сыналатын тұсымыз осы. Қандай кәсіпорын бәсекеге қабілетті және осындай экономикалық дағдарыс кезінде төзімділігі қаншалықты екені белгілі болады, деп ойлаймын. Бұл бізге үлкен сабақ болды деп айтар едім. Кәсіпорынымыздың осал тұстарын байқауға мүмкіндік болды. Енді сол осал жерлерді бекемдеуге әрекет етеміз. Дегенмен, біз жұмыс орындарын қысқартқан жоқпыз. Керісінше, алдағы уақытта жұмыс орындарын кеңейтуді, азаматтарды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Қандай қиындық болса да, дағдарыстан еңсемізді тік көтеріп шығып кетуге ұмтыламыз және оған мүмкіндігіміз де бар»,-деп атап өтті Уәлихан Жамалбек.

Қанат Тұрар

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика