Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев: Біз еліміздің көп жылдық тарихынан үлгі алуымыз керек

20 ғасырдың басынан бастап Қазқастанға 5,6 млн адам көшірілді. Ол кезде жергілікті халық саны 6 млн болатын. Қазір біз көп жылдық тарихымыздан үлгі алуымыз керек. 20 ғасыр бойы Қазақстан көпэтникалық халық ретінде қалыптасты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған ресми шарада осындай ой айтты.
Астана қаласы01 Наурыз , 12:46

«1 наурыз біздің елімізде көктемнің алғашқы күні ғана емес, бұл күн - Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні. Бұл күн - "Нұр Отан" партиясының негізі қаланған күн және менің арнайы Жарлығыммен Алғыс айту күні. Бұл күні тағдыр талайымен біздің жерімізге қиын-қыстау кезеңде депортацияланған өзге ұлттардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан халқының негізін құраушы ұлттарға алғыс айту күні. Яғни, өзге ұлт пен ұлыс өкілдері қазақтарға разылығын білдіріп жатса, біздер ұлан-байтақ даламызды мұраға қалдырғаны үшін ата-бабаларымызға алғысымызды айтуымыз керек" деді Елбасы.

Н.Назарбаев айтып өткендей, сол кездегі қиындықтарға қарамастан қолдау мен қамқорлық көрсеткені үшін олар қазақ ұлтына алғыс айтады.

 «Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне бізде алғысымызды айтамыз. Осындай ұланғайыр жерді, осындай елді бізге мирас қылып тапсырған, қан төгіп жерді алып қалған ата-бабаларымызға да бүгін алғысымызды айтамыз», - деді Н.Назарбаев.

«Бүгінде біз тарихтан біздің еліміздің үлесін білуіміз керек. 20 ғасыр бойы Қазақстан этникалық халық ретінде қалыптасты, ол Столыпин реформасы мен шаруалық көші-қон аясында жүзеге асырылды. 1908-1910 жылдары 1 млн 150 мың адам Ресей, Украина, Белоруссиядан Қазақстанға көшірілді. Ал 30-шы жылдары бұрыңғы КСРО-ның орталық аймағынан 250 мың адам шаруалыққа жіберілді, ол кезде Ресейдегі шаруашылық түбегейлі жойылған болатын. Сол кездері нысандар құрлысына 1 млн 200 мың адам бағытталды. Сталиндік режим кезінде 800 мың неміс халқы Поволжьядан, 102 мың поляк, 507 мың Солтүстік кавказ, 18,5 мың корей отбасысы алыс Шығыстан   депортацияланды.  Олар кең далаға көшірілді. Ол кезде қазақтар шоғырланған болатын. Бұл сандарды айтып отырған себебім, біз өткенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Жастар көп біле бермейді, олар барлығы қазіргі жағдайда болғандай көреді. Ал біздің бабаларымыз бастан кешірген ауыртпалықты біз әрқашан есте ұстауымыз керек», - деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп бекітілді. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика